"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Шұбар ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учереждение "Основная средняя школа села Шубар отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша «Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Шұбар ауылының негізгі орта мектебі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің есебі

01.03.2022

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша «Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Шұбар ауылының негізгі орта мектебі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2021 жылға арналған есебі

 

Жалпы ережелер:

Мемлекеттік қызметті көрсетуші туралы мәлімет:

«Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Шұбар ауылының негізгі орта мектебі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Мекен-жайы: Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Шұбар ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 2А

Байланыс телефоны: 87165152030

 

Көрсетілетін мемлекттік қызметтер туралы ақпарат:

Білім беру ұйымдары 5 Мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді. Барлық қызметтер тегін көрсетіледі.

2021 жылы барлығы 48 Мемлекеттік қызмет көрсетілді

оның ішінде: Электронды үкімет порталы арқылы - 25,

қағаз түрінде – 23:

2020 жылы жалпы – 45 Мемлекеттік қызмет көрсетілді

оның ішінде: Мемлекеттік корпорация арқылы- 4,

электронды үкімет порталы арқылы - 20,

қағаз түрінде – 21

 

Білім беру саласындағы көрсетілген қызметтер:

«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау» - 17 (2020 жылы -20);

«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» - 29. Оның ішінде электронды түрде – 25, қағаз түрінде – 4. (2020 жылы 19, оның ішінде электронды түрде – 19);

«Денсаулық жағдайына байланысты ұзақ уақыт бойы бастауыш, орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына бара алмайтын үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыруға құжаттарды қабылдау» - 2. (2020 жылы 2, оның ішінде электронды түрде – 1, қағаз түрінде – 1);

«Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың түпнұсқасын беру» - 0. (2020 жылы – 0)

«Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген білім беру ұйымдары тұлғаларының біліктілік санаттарын қабылдау туралы аттестаттау үшін құжаттарды қабылдау, мектепке дейінгі тәрбие, оқыту, бастапқы даярлау бағдарламаларын жүзеге асыру» - 0. (2020 жылы – 4, оның ішінде Мемлекеттік корпорация арқылы – 4)

 

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау:

1) Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызмет алушылардың шағымдары туралы ақпарат. Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына, сондай-ақ мерзімдерін бұзуға, оның ішінде ХҚКО арқылы және электрондық түрде шағымдар түскен жоқ.

2) бөлім қызметінде жүргізілген ішкі бақылаумен көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша бұзушылықтар анықталған жоқ.

 

Қызмет алушылармен жұмыс:

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер: «Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Шұбар ауылының негізгі орта мектебі»    КММ-дегі Мемлекеттік қызметтер туралы Стенд, Шұбар ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 2А;

2) Білім беру ұйымдарында орналастырылған мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы стендтер, білім беру ұйымдарының сайттары.

3) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат – жария талқылаулар;

4) мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттануын арттыру. Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттану деңгейін арттыру, мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады. Мектеп мақсатты жұмыс жүргізуде. 2021 жылы бөлімде БАҚ және ресми интернет - ресурстар арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы халықты уақтылы хабардар ету, Мемлекеттік корпорация мамандарымен семинарлар өткізу жөніндегі медиа жұмыстары жүргізілуде.

- Жоспар бекітілді. Мемлекеттік қызметтерді ұсыну сапасының барлық параметрлерін жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді:

- Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзуға жол бермеу;

- көрсетілетін қызметті алушыларды "электрондық үкімет" порталы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу мүмкіндіктері туралы танымал ету және хабардар ету жөніндегі іс-шараларды жүргізу;

- Мемлекеттік қызмет көрсету, Қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру,  мемлекеттік қызмет көрсету дағдыларын жетілдіру.

2022 жылы Шұбар ауылының негізгі орта мектебі жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы, оның ішінде электрондық форматта мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыратын болады.

 



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 01.03.2022 16:10
Құрылған күні: 11.03.2022 10:59

Текст