"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Шұбар ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учереждение "Основная средняя школа села Шубар отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл" атты кітап көрмесі

12.12.2021

2021 жылдың «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің мерейтойына арналған «Тәуелсіздік жетістіктері» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Қазақстанда «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы 2007 жылдан бері ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы мен Қазақстан Республикасының кітапханалық қауымдастығы бастамасымен ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен 15 жыл бойы өткізіліп келеді.
Акцияның мақсаты – халық әдебиетін насихаттау, тарихи, мәдени және рухани мұраны сақтау, жастарға адамгершілік-патриоттық тәрбие беру, ана тілін құрметтеу. Акцияның міндеті – қазақ әдебиетін кеңінен насихаттап, халықтың оқуға деген қызығушылығын арттыру, Қазақстанның әдеби мұрасын зерттеуге деген қызығушылықты дамыту, сонымен қатар жас ұрпақтың интеллектуалды және рухани дамуына үлес қосу.
Жыл сайын «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында еліміздің барлық кітапханаларында көптеген іс-шаралар мен кітап көрмелері ұйымдастырылып, акция мен таңдаулы авторлар, олардың кітаптары туралы ақпарат беріледі, сондай-ақ Қазақстанның көрнекті жазушыларының шығармалары оқырмандар назарына ұсынылады.

Просмотров: 366


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст