"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Шұбар ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учереждение "Основная средняя школа села Шубар отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Білім беру мазмұнын жаңарту үрдісіне оқушылардың білімін бағалаудың тиімділігі» Әдістемелік күн сесебі

24.02.2023

Шұбар ауылының негізгі орта мектебінде 24.02.2023 ж күні білім беру мазмұнының жаңаруымен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың бағалаудағы тиімділігін арттыру мақсатында «Білім беру мазмұнын жаңарту үрдісіне оқушылардың білімін бағалаудың тиімділігі» тақырыбында жетекші серіктес мектептер аясында әдістемелік күн ұйымдастырылып, өткізілді.

Әдістемелік күн мектеп директоры Байшолаков М.Р. қарсы алу сөзімен басталып, мектеп психологы Кушерова А.К. ұйымдастыруымен «Қарым-қатынас жарастығы» тақырыбында тренингпен ашылды. Тренинг мақсаты серіктес мектептердің ұйымшылдығы мен бірлестігін арттыру болып табылды.

Әдістемелік күн аясында мектеп мұғалімдері өз тәжірибелерімен бөлісіп, ашық сабақтар ұсынды:

1

«Әріпті өрнектер»

Математика

Бастауыш сынып мұғалімі - Ахметова Д.Н. – 1 «А» сынып

2

«Равенства и неравенства»

Математика

Бастауыш сынып мұғалімі – Акылова М.Т. – 1 «Б» сынып

3

«Зат есім»

Қазақ тілі

Бастауыш сынып мұғалімі – Хазым С. –   2 «А» сынып

4

«Презентациядағы дыбыстар»                 Цифрлық сауаттылық

Информатика пәні мұғалімі – Шарив А. –   4 «А» сынып

5

«Ондық бөлшектерді 10; 100; 1000; ... Және 0,1; 0,01; 0,001; ... Сандарына көбейту және бөлу»  Математика

Математика пәні мұғалімі – Сарсенова М.Т. – 5 «А» сынып

6

«Демографиялық саясат»

География

География пәні мұғалімі – Кабзулданова Ж.С. –  8 «А» сынып

 

Әдістемелік күнге жетекші мектеп болып табылатын жалпы білім беретін орта Қоянды ауылының №2 мектебінің координаторы Алматова Асем Муратовна және серіктес мектептер мұғалімдері келді.

Әдістемелік күн соңында қорытындылау барысында келген мұғалімдер өткізілген сабақтардың жоғары дәрежелігін атап өтіп, мақсатқа қол жеткізілгенін айтты. Өз іс-тәжірибесімен бөліскен мұғалімдер Целиноград аудандық білім бөлімінің басшысының алғыс хатымен марапатталды.


Просмотров: 6897


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст